Халықаралық интеграция

4 қыркүйекте ШЫҰ мүше-мемлекеттері Жоғарғы сот төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді

Ағымдағы жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 13:02

Ведомствода хабарлағандай, отырыста соттар қызметін жетілдіру мен бағалау, судьяларды іріктеу мен тағайындау, сот төрелігінің ашықтығы, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың бірқатар практикалық мәселелерін талқылау жоспарланған. Терроризммен күрестегі жоғарғы сот судьяларының рөлі жеке семинар аясында қаралатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше елдердің Жоғарғы Сот Төрағаларының құқық үстемдігін бірлесе ілгерілету, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мақсатында Өзара іс-қимыл мен серіктестікті күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемесіне қол қойылады деп күтілуде. 

 




Яндекс.Метрика