Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда 6 жыл ішінде ант еткендердің қатысуымен 400-ден астам адам ақталды

Конституция күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда заң ғылымдарының докторы, Астана қалалық адвокаттар алқасының қорғаушысы Бақтияр Бөлеулиев елімізде 6 жыл ішінде ант бергендер сотының қатысуымен 400-ден астам адамның ақталғанын айтты.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 11:33

«2007-2013 жылдар аралығында ант бергендер сотының қатысуымен жыл сайын ақталып шығатын адамдардың саны тұрақты өсіп келеді. Олар орташа есеппен 35-40 адам шамасында. Осы уақыт аралығында ақталған адамдардың саны 400-ден асып жығылады», - дейді.  

Ант бергендер міндеттерінің сақталуы – демократияның басты құндылықтарының бірі, дейді сарапшы.

«Қазы қызметі қоғам өміріне тікелей әсер етеді. Осы орайда кәсіби сот пен ант бергендер сотының құқығы теңдей сақталады. Ант бергендер соты адам құқығының сақталуына қосымша кепілдік», - дейді.

Сонымен қатар,  ант берген соттар қатысуымен қаралған істердің саны 2007-2013 жылдары 7 есеге дейін артқан. Ал мұндағы ақталғандар саны шамамен 8 есеге дейін артты. Бұл аталмыш институтқа белгілі бір деңгейде сенім ұялатады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика