Халықаралық интеграция

Ұлттық Банк Төрағасы АҚШ Федрезерв басшысымен кездесті

21-23 тамызда Ұлттық Банк Төрағасы Қайрат Келімбетов Джексон Хоулда өткен (АҚШ) жыл сайынғы экономикалық симпозиумге қатысты.
Әлемде28 Тамыз , 15:43

Ұлттық банкте хабарлағандай, бұл экономикалық шара аясында Ұлттық банк төрағасы бірқатар  кездесулер өткізді, оның ішінде АҚШ Федрезерв басшысы Джанет Йеллен, Түркия Орталық Банкі басқарушысы Эрден Басчы, Англия Банкі  басқарушысының орынбасары Беном Броудбентпен кездесті.

 Джексон Хоул жыл сайынғы экономикалық симпозиумы 1981 жылдан  бастап өткізіледі, өз алаңында орталық банк жəне қаржы ұйымдары   басшылары, белді ғалым-экономистерді жинайды.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы – АҚШ еңбек рыногіндегі жағдай  мен оның қаржы-несие саясатындағы ықпалы туралы болды.




Яндекс.Метрика