Халықаралық интеграция

И. Тасмағамбетов «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Ясуёси Комидзомен кездесті

Бүгін Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Ясуёси Комидзо мырзамен кездесті, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 11:18

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымы 1982 жылы Хиросиманың мэрі Такеши Аракидің бағдарламасын ресми қолдаған әлемнің әр түпкіріндегі қалалардан тұрады.

1945 жылғы тамызда атом бомбалары әп-сәтте Хиросима және Нагасаки қалаларын жермен-жексен етіп, жүз мыңдаған жанды жер жастандарды. Ұйым Хиросима мен Нагасакидегі сияқты қайғылы жағдайлардың қайталанбауы жолында әлемге ядролық қаруды қолданудың қатігездігін жеткізуге талпынып, ядролық қарусыздануға үнемі шақырып келеді.

1982 жылғы 24 маусымда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен қарусыздану жөніндегі БҰҰ-ның 2 арнайы сессиясында Хиросима мэрі Такеши Араки қалалардың ядролық қарудан түбегейлі бас тарту туралы ынтымақтастығын қолдау туралы жаңа бағдарламаны жария етті. Ол ядролық қарудан құтылу үшін қалаларға ұлттық шекара шегінен шығып бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Нәтижесінде Хиросима мен Нагасаки қалаларының мэрлері дүниежүзінің мэрлерін бағдарламаны қолдауға шақырды.

Астана «Мэрлер бейбітшілік үшін» қозғалысына 2012 жылғы тамызда ұйымға мүше қалалардың ішіндегі 110 астана болып қосылды. Бұл туралы ұйым президенті, Хиросима мэрі Кадзуми Мацуи мырза қол қойған сертификатты Астана қаласының әкіміне норвегиялық Фрогн қаласының мэрі Туре Вестби мырза мен «Болашақ 2020» халықаралық қозғалысының директоры Аарон Товиш мырза табыстады.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына Қазақстаннан Астанадан бөлек Алматы, Аягөз, Қарағанды, Курчатов, Павлодар, Риддер, Семей, Серебрянск, Шар, Шемонаиха, Өскемен, Зайсан, Зырян қалалары енген. 




Яндекс.Метрика