Өңірлер

Ж.Абдиев: Қазақстанның сот жүйесі - қатып қалған догма емес

Қазақстанның сот жүйесі - қатып қалған догма емес, деп елордалық қалалық соттың қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот коллегиясының төрағасы Жазбек Әбдиев хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 11:02

"Стратегиялық бағыттар анықталған, алайда сот жүйесі қатып қалған догма емес. Одан ары жетілдру мақсатында көптеген шаралар жүргізілуде.  Жалпы, қазылардың соңғы екі съездінде сот процесінің ашықтығы мен жариялылығына, электронды технологияларды пайдалануға көбірек көңіл бөлінді ",- деді Ж.Әбдиев.

Әбдиевтың пайымынша, Конституциядағы сот қызметін реформалау бойынша қағидасының арқасында еліміздің сот жүйесі өзге дамыған елдермен теңесті.

Ол атап өткендей, республикада әділеттілік тек сотпен жүзеге асырылады. Еліміздің соты ретінде заңмен бекітілген Жоғарғы сот, жергілікті және өзге соттар жұмыс істейді. Қазақстанның сот жүйесі Конституциямен және конституциялық заңамамен бекітіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 жыл толады. Дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасаған болатын. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика