Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР АШМ комитеттерінің төрағалары тағайындалды

ҚР АШМ жаңа екі комитетінің төрағалары тағайындалды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 10:51

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Абишев Ислам Алмаханұлы Су ресурстары комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Министрліктің бұйрығына сай Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып Азбаев Бағдат Оразалдыұлы тағайындалды.

«Азық-түлік келісім шарт» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Байнаков Рахмет Ғазизұлы ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып сайланды.




Яндекс.Метрика