ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

СҚО-ның ауылдық мектептерінде 350 жас мұғалім білім береді

Облыстың барлық мектептері жаңа оқу жылына жүз пайыз дайын. Бұл туралы өңір басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен өткен әкімдіктегі жиында білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан28 Тамыз , 11:42

Оның айтуынша, мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, биылғы жылы ауыл мектептеріне жаңадан 350 жас педагог келіп орналасқан. Олардың барлығы өз жұмыстарына біртіндеп кірісіп кеткен.

«Білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығына келер болсақ, олардың дайындығы қазір 97 пайыз шамасында. Мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерде ғана дайындық аяқталған жоқ. Жылыту жүйесін сұйық отыннан қатты отынға алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 11 мектептің 4-еуі аталмыш әдіске көшетін болады», - дейді.

Білім беру басқармасы жетекшісінің айтуынша, өңірде мектеп оқулықтарымен қамтамасыз ету  мәселесі бар. Бүгінгі таңда оның пайыздық көрсеткіші 85-ті құрайды. Аталмыш қажеттілікті өтеу үшін 43 млн теңге қажет.

Жиын қорытындысы бойынша өңір әкімі қатты отынға ауысу кезінде қаражатты үнемдеу қажеттігін шегелей тапсырып, мектеп оқулықтармен қамту мәселесін шешуді тапсырды.




Яндекс.Метрика