Өңірлер

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап арыздар сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілімінде тіркеледі – ІІМ

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексі өз күшіне еніп, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша арыздар мен хабарламаларды тіркеу сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) жүзеге асып, сотқа дейінгі тергеудің бастамасы болады, деп ведомствода хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 10:36

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 2013 жылдың 12 айында қылмыстар мен оқиғаларды қарау және шешім қабылдау үшін 2 млн.-нан астам, ал ү.ж. 7 айында – 1,3 млн. арыздар мен хабарламалар келіп түсті.     

Тәжірибе көрсеткендей, 80%-ға жуық қабылданған арыздар мен хабарламалар бірнеше сөйлемдерден құралған. Соның ішінде, арыз берушілер өздерінің толық анкеталық деректерін, тұрғылықты мекен-жайын және басқа да қажетті мәліметтерді көрсетпеген. Сонымен қатар арызданушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 351 бабына сәйкес көрiнеу жалған жеткiзу үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілмеген.

Жаңадан енгізіліп жатқан әдісті саралаудан өткізу мақсатында ү.ж. 1 қыркүйектен бастап қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламаларды жаңа үлгілер бойынша қабылдау жүзеге асырылатын болады.




Яндекс.Метрика