Өңірлер

Маңғыстау облысында жария ету мәселелері бойынша семинар өтті

Маңғыстау облысының әділет департаменті және “Жылжымайтын мүлік орталығы” РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының негізгі қағидаларын зерделеу мақсатында оқыту семинары өткізілді.
Маңғыстау28 Тамыз , 09:31

Әділет министрлігінде хабарлағандай, семинар барысында жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру құжаттарын алу мен жария ету комиссиясымен  берілетін құқық белгілеуші құжаттарды мемлекеттік тіркеу кезінде туындайтын сұрақтар талқыланды.

Семинар соңында  қатысушылар аталған Заң қағидаларын жүзеге  асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау және  оларды шешуге бағытталған семинарларды алдағы уақытта да өткізу қажеттілігі айтылды.




Яндекс.Метрика