Үкімет

Қазақстанда діни қызмет саласында заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту керек – Г.Әбдіқалықова

Қазақстанда діни қызмет саласында заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту керек, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 17:35

«Біздің алдымызда 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық міндеті тұр. Мен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Мәдениет және спорт министрлігінің Универсиада аясында өтетін шараларды жеделдетуді сұраймын. Сонымен қатар, БҒМ балалар мен жасөспірімдер мектебі, студенттік мектеп лигасы желісін дамытып, салауатты және спортты өмір салтын насихаттау керек», - дейді.

Үкімет басшысының орынбасары діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу және заңнаманы сақтауға бағытталған жұмыстарды күшейті керектігін алға тартты.

Ол 2015 жылы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының бесінші сьезінің өтетінін еске салды. «Дінаралық келісімді нығайту үшін діни бірлестік арасындағы жаңа байланыс тетіктерін дайындау қажет», - дейді ол.

Оның айтуынша, дене шынықтыру және спорт саласының мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Үкімет бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын алға қойғанын кезекті рет атап өтті.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика