Өңірлер

2013-2014 оқу жылында 3 600 жазасын өтеуші жұмыс мамандығын игерді

2013-2014 оқу жылында 3 600 жазасын өтеуші жұмыскерлік қызмет игерді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 17:08

«Түзету мекемелерінде барынша сұранысқа ие 74 мамандық бойынша жазасын өтеушілері кәсіби дайындау жүргізіледі. 2013-2014 оқу жылында 3 600 жазасын өтеуші еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби білім мен түрлі мамандықтар бойынша жұмыскерлік қызмет игерді. Бүгінгі таңда түзету мекемелерінде жалпы еңбекке жарамдылардың 52% жұмыспен қамтылған», - дейді.

Айта кету керек, биыл оқытылатын пән тізімі 6 мамандыққа дейін кеңейді. Олар ағаш ұстасы, құрылысшы, жиһаз жасаушы, қаптаушы, тасшы, метал жонушы және басқалары. Оқытуды аяқтағаннан кейін жазасын өтеушілер түзету мекемелері кәсіпкерліктерінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Ал бостандыққа шыққаннан кейін азаматтық секторда еңбек етпек.

Сонымен қатар, қазіргі таңда республика мекемелерінде жалпы білім беретін 55 оқыту мекемесі бар. 2013-2014 оқу жылы қорытындысы бойынша 1,5 мың жазасын өтеуші аттестат алған.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика