Өңірлер

Жазасын өтеп жатқандар арасында өлім-жітім 22%-ға төмендеді – Т. Жәнібеков

Қазақстанда жазасын өтеп жатқандар арасында өлім-жітім 22%-ға төмендеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 16:43

«Колонияларда жазасын өтеп жатқандар арасында өлім-жітім 22%-ға төмендеді. Соңғы 3-4 жылда бұл көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Биыл түрмелерде 160-тай адам көз жұмды», - деді Т.Жәнібеков. 

Сондай-ақ, оның айтуынша түзету мекемелеріне колониядан әкілнгендер саны 20 пайызға қысқарды.

«Өткен және ағымдағы жылы жазасын өтеушілер қатынасына қатысты тәртіпсіз жағдайлар орын алға жоқ», - деді ол.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі абақтыда отырғандар арасында туберкулез және өзге де аурулар көрсеткішінің 26%-ға төмендегенін хабарлады.




Яндекс.Метрика