Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда спортты дамытудың қоғамдық кеңесі құрылмақ – МСМ

Қазақстанда құзіретті органдар, спорттық клубтар мен федерациялар және демеушілер арасындағы қызметті реттейтін спортты дамыту бойынша қоғамдық кеңес құру қажеттілігі бар, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы ведомство алқасының отырысында.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 16:39

«Спортты дамытудың қоғамдық кеңесін құру қажет. Ол тек қана спортты ғана қамтып қоймай, осы салада бейресми жұмыс істейтін құрылым өкілдерін (кәсіпкерлер мен меценаттар және басқалары) де қамамасыз етуі керек», - дейді министр.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңес құзіретті органдар, спорттық клубтар мен федерациялар және демеушілер арасындағы қызметті реттемек.

Бәрінен бұрын, министрдің айтуынша, жұмыстарды жүйелі негізде қолға алу керек. Мысалға, атақты спортшыларға шақырту берумен шектелмей, сонымен қатар атақты бапкерлерді де тартуды қолға алу керек. «Біздің басты мақсатымыз қысқы спорт түрлерінің дамуына серпін беру. Алдағы айда Щучинск қаласында спорттық базаны ашамыз», - дейді ведомство басшысы.  

Сонымен қатар, спорттық нысандар құрылысына қатысты ұзақ уақыттық құрылыстарды аяқтау қажет. Осынау нысандардың аяқталуын назардан шығармауымыз қажет. Тамаша нысандардың құрылысы, өкінішке орай, тым созылып кетті», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика