Өңірлер

Т. Жәнібеков: Түзету мекемелерінде қоғамдық бақылау институты жұмыс істейді

Түзету мекемелерінде қоғамдық бақылау институты жұмыс істейді, олардың аясында еліміздің барлық аймақтарында 15 қоғамдық бақылау комиссиясы жұмыс істеуде. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков хабарлады.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 16:24

«Түзету мекемелерінде қоғамдық бақылау институты жұмыс істейді, олардың аясында еліміздің барлық аймақтарында 15 қоғамдық бақылау комиссиясы жұмыс істеуде. Олардың құрамында 30 астам түрлі қоғамдық бірлестіктердің,  мемлекеттік органдардың  өкілдері болып табылатын 114 адам бар», - деп түсіндірді  Т. Жәнібеков.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталмыш қоғамдық бақылау комиссиясы  160-тан астам түрлі шараларды өткізді.

«2014 жылдың 7 айында қоғамдық бақылау комиссиясы  163 түрлі шараларды өткізіп, 160 түзеу мекемесінде болып қайтты», - деп толықтырды Т. Жәнібеков.

Сонымен қатар, оның айтуынша діни бірлестіктердің өкілдері 2014 жылы түзету мекемелеріне 700-ге жуық рет барды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика