Өңірлер

ҮЕҰ жазасын өтеушілермен 400-ден астам шара өткізді – Т.Жәнібеков

Үкіметтік емес ұйымдар жазасын өтеушілермен 400-ден астам шара өткізді, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Нұр-Сұлтан 27 Тамыз, 16:11

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті үкіметтік емес ұйымдармен арада құрылымдық байланыс ұстауға баса назар аударады. Бүгінгі таңда мекемелі және атқару жүйесі органдары 62 үкіметтік емес ұйыммен байланыс ұстайды. Олар өз кезектерінде жазасын өтеушілерді әлеуметтік бейімдеу мен босатуға психологиялық дайындауда көп көмек береді. Сонымен қатар, олармен лекциялар, пікірталастар мен мониторингтер жүргізіледі. Өткен уақытта үкіметтік емес ұйымдармен 400-дей шара ұйымдастырылды», - дейді.

Оның айтуынша, балалар колониясында кәмелеттік жасқа толмаған жазасын өтеушілерге арналған кино залы ашылды. Сонымен қатар, оларға компьютерлік ресурстар ұйымдастырылып, олар осы арқылы сертификат алмақ.

Айта кету керек, ҚР қылмыстық-атқару жүйесі құрамына бүгінгі таңда 15 аймақтық департамент, 75 түзету мекемесі, 18 тергеу изоляторы, 240 қылмыстық-атқару инспекциясы кіреді. Жүйеде шамамен 16 мың адам жұмыс істейді.

Жергілікті жерлерде 49 мыңнан астам жазасын өтеуші мен тергеу-тұтқыны бар. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару инспекциясы есебінде 21 мыңнан астам адам тіркелген. Олар бас бостандығынан айырылмай жазасын өтеушілер.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика