Өңірлер

Алматыда ескі үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Ескі үйлерді сүру» Бағдарламасына енгендерге жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Әуезов ауданындағы 16 қабатты екі үйлердің тұрғындары - «ескі үйлердің орнына жаңа үйлер» жүйесіне енгендер, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Алматы қаласы27 Тамыз , 15:31

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қалада ескі үйлер Бағдарламасы жасалған болатын. Осы Бағдарламаға сәкес қаладағы 7 ауданда 563 пәтерлі 55 ескі үй сүріліп, олардың орнына 2784 пәтерлі 61 жаңа үйлер салынатын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда бұл Бағдарлама одан әрі жалғасады.Осыған орай қаланың жеті ауданында үйлер салынатын жер учаскелері таңдап алынды, мұндағы жаңа үйлерге ескі пәтер иелері қоныстанатын болады.

Қоныстанушыларға «пәтерге-пәтер» жүйесі бойынша пәтерлер беріледі. Осылайша, 55 ескі үйдің иелері жаңа қоныс тойларын атап өтпек.

Жалпы қалада осы Бағдарлама бойынша 61 үй салынды. 2013 жылы жалпы алаңы 9,5 кв метр болатын 197 пәтерлі 7 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылы 503 пәтерлі 17 үй құрылысы аяқталмақ. Ал 2015 жылы тағы да 37 тұрғын үй салынбақ.




Яндекс.Метрика