Адами капитал

Алматыда І Сурдлимпиадалық спартакиада өтуде

Алматыда 25-28 тамыз аралығында I жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша спартакиада өтуде.
Алматы қаласы27 Тамыз , 18:36

«Қазақстанның кембағал спортшылары спорттың бес түрінен: мини-футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі және шахматтан өзара бақ сынасады», - деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлгі.

Жалпы, спартакиадаға Қазақстанның облыстарынан 14 команда келді. Барлығы 400 адам қатысуда.

Айта кетерлік жайт, бұған дейін елімізде сурдоолимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар бірге өткізіліп келген болатын.

«2002 жылы Қазақстанда ұлттық паралимпиадалық комитет құрылды. Содан бері көптеген жарыстар өткізіле бастады. Қатысушылар саны артты және олар халықаралық жарыстарға қатыса бастады» - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар қысқы сурдоолимпиадалық спартикада өткізудіе қолға алмақ.




Яндекс.Метрика