Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанның Конституциялық кеңесі 190-нан астам өтінішті қарады – КК төрағасы

Қазақстанның Конституциялық кеңесі өзінің қызмет еткен уақытында 190-нан астам өтінішті қарап, шамамен 140 нормативті қаулы мен жыл сайынғы 18 жолдау қабылдады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 14:44

«Жалпы, құрылғаннан бері Конституциялық кеңес тарапынан 25 заң мен халықаралық келісім Конституцияға сай келмейді деп танылды. Атап айтар болсақ, олар «ҚР Парламенті мен депутаттардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Азаматтық кодекстің өзгертілуі (ең алғашқы редакция), «Діни сенім мәселесі бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы мен олармен келіссөз туралы» заңдар», - дейді И.Рогов.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңес Байқоңырды жалдау туралы келісімнің кейбір шарттары мен Конституцияның кейбір жерлерін жарамсыз деп тапты. «Байқоңыр қаласы сотының жүгінуімен біздің шешімімізден кейін Қазақстан Республикасы Парламенті мен Ресей Федерациясы Парламенті тарапынан ратификацияланған келісімге тиісті өзгерістер енгізілді», - дейді.

Қызмет еткен жылдарында Конституциялық кеңес 190-нан астам өтінішті қарады. Соның ішінде 21-і Мемелекет басшысы тарапынан, 74-і Парламент палаталары төрағалары мен ондағы депутаттар тобы тарапынан, 66-сы республика соттары тарапынан, Премьер-Министрден 27.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика