Халықаралық интеграция

Малайзияда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай көрме ашылды

Куала-Лумпур қаласында Ұлттық өнер галереясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Қазақстанның халықаралық бастамасы – АТОМ Жобасына орай ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанаты өтті.
Әлемде27 Тамыз , 17:53

Апталық экспозиция Малайзияның Сыртқы істер, Туризм және мәдениет министрліктерінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігімен ұйымдастырылды.

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, көрменің ашылу салтанатына Малайзияның сыртқы істер және қорғаныс ведомстволары, Ұлттық ядролық агенттігі, шетел дипломатиялық корпусы және Малайзияның қоғамдық топтары өкілдері, сонымен қатар Малайзияда білім алып жатқан Қазақстан студенттері қатысты.

Өзінің сәлемдеме сөзінде ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Роман Василенко ашылу салтанатына қатысушыларды Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарымен байланысты Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы бастамаларының тарихымен таныстырып өтті. 1991 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылуы және 1992 жылы жас тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі күштілігі бойынша төртінші арсеналдан ерікті бас тартуы – Қазақстанның ғаламдық ядролық таратпау және қарусыздануға қосқан елеулі үлесі және зерттеу мен қолдануға тұрарлық үлгі екені аталды.

Қазақстандық дипломат Астананың басты антиядролық бастамалары туралы, соның ішінде 2009 жылы Семей ядролық полигонының ресми жабылу күні – 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы бастамасы мен БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы қабылдануы туралы баяндап берді. Бес Орталық Азиялық мемлекетпен ядролық қарудан азат аймақ құрудың халықаралық қауіпсіздік үшін маңыздылығы аталып өтілді. Осы жылдың мамыр айында ресми түрде мойындалған бес ядролық державалардан қауіпсіздік кепілі алынды.

Р.Василенко ядролық қарусыздану жағына шешімді қадамдарға қол жеткізу мақсатында, Елбасының тағы бір маңызды халықаралық бастамасы, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға және адамзатқа қауіпі мен салдары жөнінде әлем қоғамының білімін арттыруына бағытталған – АТОМ Жобасына бөлек тоқталды.

«Бүгінде әлемнің 100 шақты мемлекеттерінен 100 000-ға жуық адамwww.theatomproject.orgсайтында әлем үкіметтерін Ядролық сынақтарды сынауға жалпыға ортақ тыйым салу жөніндегі Келісімге тез арада қосылуға шақырып, АТОМ Жобасының онлайн-петициясына қол қойды»,-деді ол. Қазақстан мен басқа да мемлекеттердегі ядролық сынақтардың тарихы айтылуы керек және олар болашақта еш жерде және ешқашан қайталанбауы мақсатында келешек ұрпаққа жеткізілуі қажет деп түйіндеді.

 




Яндекс.Метрика