Білім беру

Жамбыл облысында білім беру нысандарының құрылысына 10,2 млрд теңге бөлінді

Бүгін Таразда дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті.
Жамбыл27 Тамыз , 18:45

Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев өзінің баяндамасында өңірдегі білім беру саласына берілетін материалдық-техникалық қамқорлықтың артып келе жатқанын айтты. Мысалға, биыл Жамбыл облысында жаңа білім беру нысандары құрылысына 10,2 млрд теңге бөлінді. Облыста қазірдің өзінде 3 нысан пайдалануға берілді, оның бірі балабақша болса, қалған екеуі мектеп.

Жалпы, қазіргі таңда 27 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның 12-сі биыл пайдалануға берілмек: 4 мектеп, 7 балабақша мен 1 колледж, деп хабарладйы облыс әкімдігі.

Өңірде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жұмыс істеуде. Мектепке дейінгі білім беру нысандарының саны артуда. Осы бағдарлама бойынша жыл соңына дейін 7 балабақша салынып бітпек. Ал жалпы 2014 жылы 13 балабақша мен 2 шағын орталық ел игілігіне ұсынылмақ.

Қазіргі таңда мектепке білім берудің 385 ұйымында 40529 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мемлекетітк емес ұйымдардың үлесі 2 200 бала, яғни 5,5%.

Айта кету керек, биыл облыс командасы осымен үшінші рет «Үздік олимпиада командасы» ретінде танылып отыр.

Сонымен қатар, биыл Жамбыл облысы командасы «2014 жылдың үздік республикалық ғылыми жарыс командасы» атағына ие болды.




Яндекс.Метрика