Адами капитал

Шілдедегі орташа айлық атаулы жалақы 125936 теңгені құрады

2014 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 125936 теңгені құрады.Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы шілдеге 111,7%, ал нақты жалақы индексі 104,4% құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.
Казахстан27 Тамыз , 19:01

«Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 253,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 245,2 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 215,6 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді», - делінген хабарламада.  

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 63,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,5%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 242,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады.

Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 82,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,3%-ға төмен.




Яндекс.Метрика