Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Президентінің елдің басты заңын құруда тигізген үлесі мол– Рогов

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елдің басты заңын құруда үлкен рөл атқарды, дейді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 12:37

«Қазақстандықтар үшін Конституция азаматтарының қолайлы және жоғары өмір деңгейін қамтамасыз ететін және әлемдік қауымдастықпен тығыз байланысты, тәуелсіз, экономикалық дамыған ұлы мақсаттарға жылжуда жолбасшы болатын негізгі құжат болып табылады», - дейді И.Рогов.

ҚР Конституциялық кеңес төрағасыныың айтуынша, елдің басты заңын қабылдауда Елбасы тікелей ат салысып, оны қалыптастыруда үлкен рөл ойнады. «Сол бір қиын-қыстау кездері ол милллиондаған қазақстандықтардың басын біріктіріп, Конституцияның басты қағидаларының қозғаушы күшіне айналды», - дейді.

Оның айтуынша, қолданыстағы ҚР Конституциясы қазақстандық идеал мен жалпыадамзаттық құндылықтардың басын біріктірген әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапқан құжат.

«Конституция Қазақстан Республикасының толықтай егемендігін қамтамасыз етіп, оның алдағы уақытта демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде адам мен оның өмірін, құқығы мен еркіндігін басты байлық деп танитын жоғары құндылықтарға ие екендігіне кепіл болады», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика