Өңірлер

Ақмола облысында 4 жыл ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 267 фермерлік шаруашылық несие алды

Ақмола облысында 4 жыл ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 267 фермерлік шаруашылық несие алып, 16 600 бас мал сатып алды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Тамыз , 19:13

2014 жылы «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ есебінен 15 фермерлік шаруашылық несие алып, 595 төлдейтін мал басын сатып алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ең көп несие алғандар Зеренді ауданының шаруалары.

2011 жылы Зеренді ауданы Қанай би ауылының тұрғыны Батырбек Баяділов 20 бас ірі қара мал басын сатып алуға 1,5 млн. теңгені несиеге алды. Бүгінді таңда оның шаруашылығында 70 ірі қара мал бар. Үлкен шаруашылықты  ол жұбайымен бірлесіп жүргізеді. Жас отбасының алдағы жоспары кәсіптерін кеңейту.

«Маған ауылдық округ әкімдігінің жақсы насихат жұмысы көмектесті. Мен өзіме қажетті ақпаратты ала алдым және оның арқасында қомақты қаржы субсидия ретінде бірледі», - деді шару қожалығының басшысы.

 




Яндекс.Метрика