Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Ата Заңының негізгі қағидаларын Ақмола облысы жастарының 67% біледі - әкімдік

Ақмола облысында 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың 1000 өкілінен еліміздің бас заңы ҚР Конституциясына деген көзқарасын білу мақсатында облыстық жастар саясаты сұрақтары бойынша басқармасының жастар қор орталығы экспресс-сауалнама жүргізді.
Ақмола27 Тамыз , 15:16

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің  41% Қонституция күнін атап өтуді оң көрсе, 34% аталмыш мерекені жеке мейрамдарымен бірдей атап өтеді екен.

Сонымен қатар, сауалнама жүргізу барысында жастарға Конституция күнін атап өтуді жоспарлап отырсыз ба деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың 52%  аталмыш күнді жыл сайын атап өтетінін және осы жылы да мерекелейтінін, ал, 37% бұл күнге ешқандай жоспары жоқ екенін, алайда көкжәшік арқылы мерекелік бағдарламаларды тамашалайтынын жеткізген.

Бұдан басқа, Конституция күнін атап өту жастардың 55% патриотизмді оятады десе, 32% мақтан тұтамыз деп жауап берген. 

Ал, жастардың 53% Қазақстан Республикасының Конституциясын құқық пен адам бостандығының кепілі ретінде сипаттасы, 30% еліміздің басты заңы ретінде атап өткен.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының Конституциясы өмір мен қоғамды дамыту салалары қаншалықты қамтылған деген сұраққа респонденттердің 97%   еліміздің бас құжатына сәйкес барлық мәселелер жан-жақты қамтылған деп жауап қайтарған. 

Басты заңды насихаттау қажет пе деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 60% «ия» деп жауап берген.

«Жастардың пайымынша барлық огандарда Конституцияны қаншалықты білетінін анықтайтын емтихан болуы тиіс екен. Ал, олардың 75 %  Қазақстан азамттарының барлығы Конституцияны жатқа  білуге міндетті деп жауап берген. Қуаныштысы сол, ҚР Конституциясының негізгі қағидаларын жастардың 67% біледі», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика