Халықаралық интеграция

«Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына орай бірқатар шара ұйымдастырылады

29 тамызда Шығыс Қазақстан облысында «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына арналған ірі шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан27 Тамыз , 16:04

Шараға бейбітшілік пен қарусыздануды насихаттау бағытында белсенді қызмет етіп жатқан МАГАТЭ, БҰҰ, БҰҰ ДБ, ЮНИСЕФ, ЯСЖТК, «Таратпау және қарусыздану парламентариясы», «Мэрлер бейбітшілік үшін», «Дәрігерлер ядролық соғыстың алдын алу», халықаралық ұйым мен «АТОМ» жобасы өкілдері мен жетекшілері қатысады, деп хабардайды ШҚО ақпараттық орталығы.  

«Невада-Семей» қозғалысынан Америка, Еуропа мен Азия елдерінің шетелдік өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, құрметті қонақ ретінде АҚШ, Ресей, Беларусь, Корей Республикасы, ҚХР Төтенше және өкілетті елшілері шақырылған.

Кездесу барысында қонақтарға арналып Семей мен Курчатов қалаларында экскурсиялық бағдарлама жоспарланған. Шараның басты оқиғасы Семей қаласындағы «Невада-Семей» ХАҚ 25 жыл. Ұлттық трагедиядан ұлттық мақтанышқа дейін» халықаралық конференциясы болмақ.

Шара аясында «Барша әлемде бейбітшілік – адамзаттың болашағы үшін» атты тақырыптық концерт ұйымдастырылады.




Яндекс.Метрика