Ұлтаралық бірлік

Е.Тоғжанов: ҚХА тәжірибесін үйрену үшін шетелдік өкілдер 60-тан астам өтініш түсірді (ФОТО)

Кеше Лонданда Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы салтанатты түрде ашылды. Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, бүгінге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін үйрену үшін шетелдік өкілдер 60-тан астам өтініш түсірді, деп атап өтті.
Әлемде 27 Тамыз, 11:27

Жалпы, Е.Тоғжанов ашылу салтанаттындағы өз сөзінде ҚХА-мен халықаралық ынтымақтастық аясында байланыс орнату, Ассамблеяның ролі, міндеті мен мақсатын, қазақстандық этносаралық  толеранттылықтың үлгісі туралы кеңінен әңгімеледі. 

ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, шетелдік өкілдер (Франция, Германия, Ұлыбритании, США, Швеция, Түркия, Қытай, Ресей, Испания, Голландия, Израиль және т.б.) Ассамблеяның тәжірибесін үйрену мақсатында 60 астам өтініш берген. Оның бірегей үлгісі БҰҰ, ЕҚЫҰ елдерінде, ірі халықаралық форумдар өткен - Копенгаген, Вена, Женева, Нью-Йорк сынды елдерде таныстырылды.

Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.





Яндекс.Метрика