Халықаралық интеграция

А. Дауылбаев Иркутск қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.Дауылбаев Иркутск қаласында өткен «Трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі прокуратураның ролі: ұлттық тәжірибе және халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты.
Әлемде27 Тамыз , 13:31

Бас прокуратурада хабарлағандай, форумда заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокурорлардың роліне қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, адам саудасы, заңсыз миграция, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес, сонымен қатар есірткі және псиохтроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы тұрудағы прокурорлық қызметті жетілдіру жолдары туралы сөз қозғалды.

Конференция барысында құқықтық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту жөнінде және қазіргі әлем қатерлерімен күресте ортақ шешімдер қарастыру бойынша ауқымды талқылау жасалынып, осы мәселеге әр түрлі инновациялық тәсілдерді тарту жайы қарастырылды.

Сондай-ақ форум аясында Беларусь, Венгрия, Моңғолия, Тәжікстан, Швейцария мемлекеттерінің бас прокурорларымен, Қытайдың Жоғарғы Халықтық Прокуратурасы және Сербия делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өтті. Оған қоса, Прокурорлардың халықаралық қауымдастығы және Еуропалық прокурорлардың консультативті кеңесі басшыларымен екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында өзара ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. 




Яндекс.Метрика