Білім беру

Назарбаев зияткерлік мектебінің шетелдік оқытушылар құрамы жаңа мамандармен толығады

Бүгінгі таңда Назарбаев зияткерлік мектептерінде 260 шетелдік ұстаз еңбек етуде.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 12:48

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқытушыларға арналған бағыттау күндері өтті.

«Бүгінгі таңда Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Ирландия, БАӘ, Қытай мен өзге де мемлекеттерден байқау негізінде іріктеліп алынған 260 шетелдік ұстаз жұмыс істейді. Бағыттау күндері шетелдік оқытушыларға Зияткерлік мектептеріндегі жұмыс ерекшеліктерімен, Қазақстанның білім беру жүйесімен және елде өмір сүру жарттарымен танысуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды НЗМ.

Екі күндік кездесу барысында қатысушылар Зияткерлік мектептеріндегі білім беру бағдарламалары, бағалау жүйесі, біліктілік арттыру, қызмет тиімділігін басқару, мектепті дамыту мен өзге де бағдарламалар туралы жан-жақты мәліметтерге ие болды.

Айта кету керек, Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын, көптілділікті енгізіп, жаңа оқу құрылғыларын пайдаланудағы халықаралық тәжірибені пайдалану бағдарламаларын іске асыру үшін 2011 жылдан бері НЗМ-де шет елдік оқытушылар тартылуда.




Яндекс.Метрика