Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қостанай облысының 12 колледжіне оқытудың дуалды жүйесі енгізілмекші – ҰКП

Қостанай облысының 12 колледжіне оқытудың дуалды жүйесі енгізілмекші .Қостанайлық автомобиль жасау кәсіпорындары - «СарыАрқаАвтопром» ЖШС және «АгромашХолдинг» АҚ оқытудың дуалды жүйесін енгізуге белсене ат салысуға дайын, деп ҰКП хабарлады.
Қостанай27 Тамыз , 12:21

 Кездесуде автомобильді шығару бойынша заманауи өндірістің жаңа формация мамандарына мұқтаждығы, ал колледж түлектерінің үнемі қажет білімді меңгере қоймайтындығы аталып өтті.

«Жас мамандарды даярлау бойынша қалыптасқан жағдайдан шығудың тиімді жолын кәсіпорын базасында дуалды оқыту жүйесін біртіндеп енгізуден көріп отырмыз. Ол өндірістің нақты талаптарына барынша жақын құрылады, және де осылайша кәсіпорын дайын мамандарды алатын болады», - деп мәлімдеді «АгромашХолдинг» АҚ Оқыту және персоналды басқару орталығының қызметкері Әлібек Құсайынов.

Автозауыттар үшін кадрлар даярлау проблемасының шешудің бір жолы «АгромашХолдинг» АҚ базасында Корпоративтік оқыту орталығын ашу болды. Жоғары оқу орындары және облыс колледждері арасында жасалған шарттар аясында екі жыл ішінде 280 студент іс-тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болып, 32 адам тұрақты жұмыс орнын тапты.

Палата сарапшылары дуалды жүйені жер-жерлерде бизнесті тікелей қатыстыру арқылы белсендіру қажеттігіне ерекше назар аударды. Ол үшін колледждер басшылығына ынтымақтастық туралы әрекеттегі шарттарды тікелей Палатаның қатысуымен қайта жасау ұсынылды. ӨКП-ның филиалдық желісі арқылы, қалалық және аудандық деңгейлерді осы ұсынысты іске асыру көзделуде.

«Бүгінгі таңда кадрларды даярлау жүйесінде жұмыс беруші дайын, және де көбінесе осындай түрде қажетсіз болып қалатын өнімді соңғы қабылдаушы орнында қала бермеуге тиіс, қала алмайды да. Бизнеске формалды емес, нақты, негізгі сатыдағы өкілеттіктерді беру қажет: кәсіптік білім деру мазмұны – оқыту процесі – кадрларды бағалау және сертификаттау», - деп баса айты КжТББ бөлімінің бастығы Талғат Саламатов. 

 




Яндекс.Метрика