Білім беру

Павлодар облысында 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылған

Павлодар облысы еліміздегі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін уақытынан бұрын орындаған санаулы өңірлердің бірі болып табылады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Павлодар27 Тамыз , 15:01

1-ден 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепалды білім және тәрбиемен қамту облыс қалаларының ең өзекті мәселесі болып отыр.

«Качиры ауданы Тереңкөл ауылындағы мектеп жанында орналасқан интернатты 90 орындық балабақшаға қайта құру үшін 66 миллион теңге, Баянауыл ауданындағы балабақша ғимаратының күрделі жөндеуіне 40 миллион теңге, ал Павлодар қаласында 320 балаға шақтылған балабақша құрылысына 100 млн теңге қаражат бөлу мүмкіндігін таптық. Жаңа білім беру ошағының бой көтеруіне «ҚазТрансОйл» АҚ атсалысады. Сонымен қатар Павлодар қаласы мен Мойылды елді мекеніндегі балабақшалар «ERG Kazakhstan» ЖШС-ның қолдауымен сатып алынбақ», - деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.

Облыс басшысы атап өткендей, бұл мәселені шешу үшін біздің өңірде қажетті резервтің бәрі бар көрінеді.

Ертіс ауданының Қызылағаш ауылындағы Бірлік мектебі апатты жағдайда тұр. Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салынады.

 




Яндекс.Метрика