Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2 ай ішінде egov арқылы көлік жүргізуге 10 мың сенімхат алынды

Еgov.kz порталы арқылы жаздың алғашқы екі айы бойынша көлік жүргізуге 10 мыңға жуық сенімхат ресімделді.
Казахстан27 Тамыз , 17:26

Электрондық үкімет порталында хабарлағандай, онлайн тәртібінде алынған сенімхат саны мамандырылған ХҚКО көрсеткішімен салыстырғанда 2 есе артық: ХҚКО 5,5 мың сенімхат тіркелген.

Электрондық тәсілмен алудың танымалдылығы оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығымен айқындалады: ол үшін тек интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет, нотариусқа және жол полициясына жүгінудің қажеті жоқ. 

Ағымдағы жылы электрондық үкімет порталы мен ХҚКО арқылы  70 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алған. 

Жыл басынан бастап egov арқылы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жарты миллиардқа жуық теңге төленді, бұл соманың төрттен бір бөлігінен артығы шілдеде түсті. 

 




Яндекс.Метрика