Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

5 жыл ішінде жаңа темір жол машина жасау саласы бой көтерді - ардагер

Соңғы бес жылда ҚР мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жаңа теміржол машина жасау саласы бой көтерді, деп атап өтті ардагер теміржолшы Аманғазы Бақтыбаев.
Ақтөбе27 Тамыз , 11:16

«Соңғы бес жылда ҚР Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жаңа теміржол машина жасау  саласы бой көтерді. Оның ішіне тепловоз, электровоз, жолаушылар мен жүк вагондарын дайындау бойынша инновациялық өндіріс кіреді. Қазақстандық қамтудың аталмыш саладағы үлесі айтарлықтай өсті», - деді А. Бақтыбаев.

Бұдан басқа, Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы пойыздар үшін арнайы рельс шығаратын зауыт іске қосылады.

«Тағы бір маңызды оқиғаның бірі Жезқазған-Бейнеу темір жол желісінің іске қосылуы болды. Кеңестік кезеңде дәл осындай теміржол магистралін іске қосу үшін 10 жылдан кем емес уақыт жұмсалатын болатын. Ал, бұл жаңа магистраль не бәрі 2 жылда іске қосылды. Қуаныштысы сол, бұл жобаны жүзеге асыруға қазақстандық мамандар күш салды», - деп атап өтті ардагер.

Оның айтуынша, теміржол саласындағы  осындай ірі жобалар еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына косылуын кішкене болса да жақындатады.

 




Яндекс.Метрика