Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанның 20 моноқаласында дамудың бас жоспарлары қабылданды - вице-министр Қ.Өскенбаев

Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыруды қарастыратын Моноқалаларды дамыту бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде дамудың бас жоспарлары жасалып, қабылданды, деп хабарлады өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан10 Қыркүйек , 10:07

«Жұмыс жүргізіліп жатыр, 20 қала бойынша бас жоспарлар қабылданды, олардың ішінен Теміртау мен Абай қалалары бойынша бас жоспарлар осы жылдың бірінші тоқсанында қабылданды», - деді Қ.Өскенбаев.Сонымен қатар, ол  халықтың болжанатын оңтайлы санын ескере отырып, әлеуметтік және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бас жоспарларды түзету қажеттігін атап өтті. 

Жалпы, осы бағыт бойынша 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарлар қабылданды, олар Өңірлік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияда толықтай келісілді. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда моноқалалардың тізбесіне 27 қала кіреді, олардың халқының саны 1,53 млн. адамды құрайды немесе елдің қалалық халқының 16,8 %-ы. 
Олардың 16 қаласы тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қаласы аудан орталықтары емес (Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен).

Қазақстан моноқалаларының тізбесін, халқының саны 100 мың адамнан астам Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз төрт орташа қаланы қоспағанда,  негізінен халқының саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.  




Яндекс.Метрика