Ұлттың денсаулығы

Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 70-ке жуық спорт алаңы ашылды

Соңғы екі жылда Ақтөбе қаласында және ірі аудан орталықтарында 70-ке жуық жасанды жабындысы бар спорт алаңдары ашылды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе27 Тамыз , 10:45

«2014 жылы жасанды жабындылары бар спорт алаңдарының саны 100-ге жеткізіледі», - делінген хабарламада.

2014 жылы 50 метрлі жүзу бассейні іске қосылды, Алға және Шалқар қалаларында екі дене шынықтыру- сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, олардың жалпы құны 547 млн теңге. Дәл осындай кешенді Мартұқ ауылында салу көзделуде.

Сонымен қатар, Мұз сарайын, футбол стадионы мен жекпе -жек сарайын тұрғызу жоспарланған.

Жалпы, халықты дене шынықтыру және спорт кешенімен қамту 25% көрсетіп тұр.   




Яндекс.Метрика