Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ашғабадта ҚР Ата Заңы күніне орай баспасөз брифингі өтті

Брифинг барысында іс-шараға қатысушылар ҚР ішкі және сыртқы саясатында орын алған маңызды оқиғалар мен Қазақстанның Түрікменстанмен екіжақты қарым-қатынастарының ахуалы, олардың даму перспективалары және еліміздің басымдықтары туралы хабарландырылды.
Әлемде27 Тамыз , 11:46

Атап айтқанда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған «АТОМ» жобасы мен 2017 жылғы Астанадағы EXPO халықаралық мамандырылған көрмесі туралы презентация жасалды.

ҚР СІМ-де хабарлағандай, екіжақты қарым-қатынастар контекстінде 2014 жылғы 11-12 тамызда сәтті өткізілген Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Р.Мередовтың Қазақстанға сапарының қорытындылары туралы баяндалып, ү.ж. 22 тамызда Жезқазған қаласында ҚР Президенті салтанатты түрде іске қосқан «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол магистральдарының маңызы туралы. 

 




Яндекс.Метрика