Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасының тұсауын кесті

"Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы қоғамдық сананы өзгертіп, қазақстандықтардың жаңаша экологиялық ұстанымын қалыптастыруды және еліміздің әрбір азаматының қоршаған ортаға қатысты жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр, деп "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы хабарлады.
Нұр-Сұлтан27 Тамыз , 09:46

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы өткізген әлеуметтік сұрау көрсеткендей, Астананың әрбір тұрғыны (балаларды қоса алғанда) жылына шамамен 300 пластикалық пакет пайдаланады екен. Полиэтиленді пакеттерді қолданудан ең болмағанда бір қазақстандық бас тартар болса,  бір ғана жылдың ішінде 50 литр мұнай үнемдейді екен. 

"Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы қоғамдық сананы өзгертіп, қазақстандықтардың жаңаша экологиялық ұстанымын қалыптастыруды және еліміздің әрбір азаматының қоршаған ортаға қатысты жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр. «ЭКО пакет» жобасы осы жолдағы тиімді құралдардың бірі болары анық.

Қазіргі таңда, қозғалыс әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 15 қарашасында, Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай, қозғалыс акция өткізуді жоспарлап отыр. Акция барысында жоба серіктесі болып отырған «galmart» супермаркетінің («Керуен» СОО) арнайы «жасыл кассаларында» тұтынушыларға пластикалық пакеттің орнына мата қалталарды сатып алу ұсынылып, пластикалық пакеттердің қоршаған ортаға келтірер зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

 




Яндекс.Метрика