Евразиялық одақ

Минскіде Қазақстан, Ресей, Украина Президенттері ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының президенттерімен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде27 Тамыз , 09:32

 Үш мемлекеттің көшбасшылары Украина Президенті мен Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесудің қорытындысын талқылады. Президенттер Украинадағы ахуалды тездетіп реттеуге бағытталған күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Кедендік одақ пен 2015 жылы іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ  аясындағы ынтымақтастықтың  басымдыққа ие бағыттарын қарастырды. 

 




Яндекс.Метрика