Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев: Қазақстан Украинамен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды жалғастыруға мүдделі

Минскідегі кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары Кеден одағы елдері көшбасшыларының, Украина және Еуропалық Одақ өкілдерінің алдағы кездесуінің маңызды жайттарын талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде27 Тамыз , 09:01

Сондай-ақ Украинадағы ахуалды тездетіп реттеудің негізгі жолдары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған маңызды қадамдарды қарастырды.

Қазақстан Президенті  Н.Назарбаев П.Порошенконы өткен Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі келіссөздер мәмілелі шешім іздеу тұрғысынан  сәтті болады деп үміттенетінін білдірді.

«Украинадағы жағдай ірі жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан біздің  ұстанымымыз – қақтығысты тоқтатып, қалпына келтіру үдерісін бастау үшін бітімге келу мүмкіндігін табу», – деді Мемлекет басшысы.

 Экономикалық мәселелерге тоқталған Қазақстан Президенті Украинамен еркін саудаға септігін тигізетін екіжақты үкіметаралық комиссия жұмысын жалғастырудың маңыздылығын айтты.   

Мемлекет басшысы біздің еліміз Украинамен жақсы қарым-қатынаста екенін және өзара сауда-экономикалық ықпалдастықты ұлғайтуға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде П.Порошенко Қазақстан әрдайым Украинаның сенімді досы болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Украина басшысы өз елінің осы бірлескен кездесуге елеулі үміт артып отырғанына тоқталды. П.Порошенко сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Донбаста бейбітшілік орнату жөніндегі берік ұстанымы үшін ризашылығын білдірді. 

 




Яндекс.Метрика