ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қызылорда облысында білім саласына 62,5 млрд теңге бөлінді - әкімдік

Бүгін Қызылордада «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» деген тақырыппен облыс педагогтарының тамыз кеңесі өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қызылорда26 Тамыз , 19:13

Өткен жылы 56,1 млрд. теңге қаралса, биыл 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Өңірде «Балапан» бағдарламасы 87 пайызға орындалып отыр.

Қызылорда облысында білім саласына бөлінетін қаражат жыл өткен сайын өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы 56,1 млрд. теңге қаралса, биыл 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Өңірде «Балапан» бағдарламасы 87 пайызға орындалып отыр.

Келер жылдың соңында балабақша кезегін күткен бүлдіршін болмайды. Үш жасқа дейін балаларға арналған бөбекжай топтарын ашу жұмыстары да жүргізілуде.

«Қазіргі таңда облыстағы 49 білім ошағы күрделі жөндеуден өтуде. Айта кетейік, бұрын-соңды бір мезетте мұншама мектеп жөнделген емес. Сондай-ақ, 2015 жылы бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылады. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында да қыруар шаруа атқарылып жатыр. Биыл облыстық бюджеттің өзінен педагогтардың білімін жетілдіруге 85 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - делінген хабарламада.

Басқосу соңында қажырлы қызмет етіп, өз істерімен көпке үлгі болып жүрген ұлағатты ұстаздар марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімі тағайындаған грант сертификаттары табысталды.




Яндекс.Метрика