Инфрақұрылымды дамыту

Индустрияландыру картасы шеңберінде 9 зәкірлі инвестициялық жоба пайдалануға берілді – Өңірлік даму министрлігі

Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту шеңберінде республиканың әртүрлі қалаларында 9 инвестициялық зәкірлі жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан10 Қыркүйек , 09:58

Бүгінгі күнге Степногорск, Хромтау, Балқаш, Жезқазған, Арқалық, Екібастұз қалаларында 9 жоба пайдалануға енгізілді.

Құжаттаманы және жабдықты жобалау кезеңінде 32 жоба жатыр», - деді өңірлік даму министрінің орынбасары. 

Зәкірлі жоба экономиканың шикізаттық емес секторында кемінде 100 жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы болуы тиіс екенін айта кеткен жөн. 

Өскенбаевтың айтуынша, барлығы 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашумен және 950 млрд. теңгеден астам жалпы инвестиция көлемімен 47 жоба жоспарланған. 
«Бағдарламаға сәйкес әкімдіктер кемінде бір зәкірлік жобаны іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл өте маңызды мәселе, моноқалалардың әкімдеріне дербес жүктелген», - деп атап өтті вице-министр. 

Қ.Өскенбаев хабарлағандай қазіргі уақытта мұндай жобалар 15 моноқалада жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру үшiн стратегиялық инвесторды тарту жөніндегі іс-шаралар көзделген.

«Осы бағытта өткен жылы Теміртау қаласында Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қазцинк» ЖШС және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Теңіз Шевройл» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды», - деп қортындылады өңірлік дамудың вице-министрі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.

Бүгінгі күні Қазақстанда моноқалалардың тізбесіне 27 қала кіреді, олардың халқының саны 1,53 млн. адамды құрайды немесе елдің қалалық халқының 16,8 %-ы. 
Олардың 16 қаласы тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қаласы аудан орталықтары емес (Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен).

Қазақстан моноқалаларының тізбесін, халқының саны 100 мың адамнан астам Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз төрт орташа қаланы қоспағанда,  негізінен халқының саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.  




Яндекс.Метрика