Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-ның Глубоковский аудандық ауруханасында тұрғындарды 10 дәрігер қабылдайды

2013 жылдан бастап 17 дәрігер Глубоковский ауылына келген оның 10-ы жаңа аудандық орталық ауруханада жұмыс істейді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан26 Тамыз , 18:21

Жалпы ауруханада 190 медициналық қызметкер бар, жаңа қызметкерлер көпсалалы аурухана кешені қолданысқа енгеннен кейін жұмысқа қабылданды.  

«Біз жұбайымыз екеуіміз осы ауылға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы келдік. Менің туған қалам – Талдықорған, ал жұбайым Үржар ауданынан, білімі-окулист. Семей мемлекеттік медицина университетінде бізге Глубоковское ауданында жаңа аурухана салынып жатқандығы туралы айтты. Осы өңірге келіп, жұмысқа орналастық. Жаңа  үйден 3 бөлмелі пәтер алдық», - деді анестезиолог-реаниматолог дәрігер Арман Қазмағамбетов.

Айта кетерлігі, 2013-2014 жылдары Глубоковский ауданында 5 дәрігерлік амбулатория салынды. 2 жыл ішінде аталмыш аурухана санитарлық автокөліктің 6 бірлігімен толықты. 




Яндекс.Метрика