Адами капитал

«Әзірет Сұлтан» мешітінде 300 баланы мектепке дайындау шарасы өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектепке дайындау акциясы ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан26 Тамыз , 16:47

«Еліміздің болашағы келешек ұрпақтың білімінде екенін ескере отырып бүгінгі өткізіп отырған қайырымдылық шарасының теңізге тамған тамшыдай үлесіміз екенін естен шығармайық. Осынау қайырымдылық шарасы алдағы уақыттарда да демеушілер тарапынан мешіт қабырғаларында жалғасын табады деген үміттеміз», - делінген мешіттің баспасөз қызметі хабарламасында.

Өздеріңізге де белгілі, әрбір оқушы басына 20 мың теңгеден шығарылып, қаржыландырудың жалпы көлемі 5 120 000 теңгені құрады. Мектепке қажетті дүниелердің арасында мектеп формасы, спорттық киім, сөмке, дәптерлер мен өзге де керек-жарақтар енгізілген.

Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың 256 баласын мектепке дайындау шарасы биыл ҚМДБ төрағасының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлы тарапынан ұйымдастырылып отыр. Мұндай қайырымдылық шараларын аталмыш мешіт өткен жылы да өткізген еді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика