ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Астана оқушыларының игілігіне 5 жаңа мектеп ұсынылады

Астанада 1 қыркүйекте 5 жаңа мектеп ашылады. Әр мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық, деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан26 Тамыз , 18:36

Сонымен қатар, биылғы жылдың қазан айында 4700 орындық тағы 4 мектептің құрылысы аяқталмақ.

Елордада бұдан бөлек 2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтитын «Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Аталмыш бағдарламаның басты индикаторларының бірі 5-6 жастағы балалар болып табылады.  

«2014-2015 оқу жылында Астананың білім беру кеңістігінде 111 сынақ алаңы жұмыс істейді. Соның ішінде 58-і республикалық деңгейдегі, 53-і қалалық деңгейде. Барлық сынақ алаңдары оқыту-тәрбиелеу процестерінің сапасын арттыруға, оқытудағы тиімділікті арттыруға бағытталған», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика