Өңірлер

Семинарда АӨК-ні қолдау бағдарламаларының жүзеге асуы талқыланды – ҚазАгро

«ҚазАгро» ұлттық холдингі Астанада өткен семинарда Қазақстанның аграрлық секторында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға АӨК қолдауға бағытталған негізгі бағдарламалардың іске асырылуын түсіндірді.
Нұр-Сұлтан26 Тамыз , 17:18

ҚазАгрода  хабарлағандай, өткен іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың назарына республиканың АӨК іске асырылатын бағдарламаларының мағынасын, олардың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын жеткізу, аталған тақырыптарды талдау, және ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін қаржыландыруға қолжетімділік шарттарын жетілдіру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында кері байланыс алу.

ҚазАгродағы АӨК қолдау шаралары жөніндегі семинарға Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының, «Қазақстанның фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестіктің, Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстанның картоп егушілері мен көкөніс шаруашылығы қауымдастығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ  «Astana», «Есіл», «Тобыл», «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері қатысты.  

Іс-шараның барысында аса маңызды мәселелер сөз болды, оларды шешуге ҚазАгроның қаржы институттарымен жұмыс көмектесе алады. Холдинг пен оның еншілес компанияларының  өкілдері қолданыстағы бағдарламалар туралы айтты және ауыл тұрғындары үшін оларды тиімді пайдалану жөнінде түсіндірді.

Мысалы, 2015 жылы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мәселелері талқыланды.  

Талқылаудың жеке тақырыбы АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мәселесі болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның ағымдағы жылдың 20 тамызында өткен отырысының  қорытындысы бойынша АВгробизнес-2020 бағдарламасының қаржылай сауықтыру жөніндегі мақсатты индикаторы орындалды – АӨК субъектілерінің 312,4 млрд.теңге сомасына өтінімдері мақұлданды, жоспарланғаны 300 млрд.теңге.

 




Яндекс.Метрика