Энерготиімділік

Аршалы ауданын автономды газбен қамту жылу энергиясы шығынын 1,5 есеге дейін қысқартады

Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында автономды газбен қамту құрылысының қанатқақты жобасы аяқталуда. Жобаның сметалық құны 1 878,5 млн теңге, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола26 Тамыз , 18:05

Нысанның пайдалануға берілуі 1100-ден астам абоненттің қосылуына жол ашады, соның ішінде мектептер, балабақшалар, әкімшілік ғимараттар мен өндірістік нысандар бар.

«Биыл инвестициялық жобаны аяқтау үшін республикалық бюджеттен 283,6 млн теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен міндетті қайта қаржыландыру ретінде 85,7 млн теңге тағы бөлінді. Бюджет қаражатын игеру 2014 жылдың 1 тамызында 194,1 мың теңгені құрады.

«Жұмыс өндірісінің бекітілген кестесіне сай жұмыстар жүргізілуде. Нысанның іске қосылуы биылғы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған», - делінген хабарламада.  

Аталмыш жобаның іске асырылуы Жібек Жолы ауылының көгілдір отынмен үзіліссіз қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беріп, жылу қуатына кететін шаруашылық шығындарын 67%-ға қысқартпақ.




Яндекс.Метрика