Халықаралық интеграция

«Жібек жолындағы сұхбаттар» семинарына қоғамның белді мүшелері қатысты

Бүгін Ақмола облысында «Жібек Жолындағы сұхбаттар» атты жылма-жылдық халықаралық семинар өз жұмысын бастады, деп мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Ақмола26 Тамыз , 16:31

Орталық Азия аймағының мемлекеттері мен халықтары арасындағы жан-жақты байланыстардың жаңаруы мен күшеюіне бағытталған семинар Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген  шығармашылық және гуманитарлық  интеллигенцияның басын қосты.

Аталмыш семинарға Орта Азияның ең танымал және көрнекті ғалымдары, мәдениеттанушылары, депутаттар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық бөлімінің меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Сенат депутаттары Анатолий Башмаков пен Нұрлан Оразалин, Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР МСМ Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатов және семинардың бастаушысы, ауыспас жүргізушісі Мұрат Мұқтарұлы Әуезов бар.

«Жібек жолындағы сұхбаттар» Халықаралық семинары 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізілетіндігін еске саламыз. Аталмыш кездесудің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Кітапханасы (Мұқтар Әуезов кабинеті), «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» ҚҚ, Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО құжырасы.




Яндекс.Метрика