Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да Конституция күніне орай аудандық аурухана ашылды

ШҚО-ның Глубоковский ауданында аудандық жаңа аурухана ашылды.
Шығыс Қазақстан26 Тамыз , 16:15

Көпсалалы аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты 100 кереует, бар, мекеме  300 адамды  қабылдауға есептелген, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Мекеме құрылысына ҚР Үкіметінің резервінен 1,8 млрд теңге бөлінген. Аурухана құрылысына 2 жылдай уақыт кетті.

«Біздің аурухана техниканың соңғы қондырғыларымен  жарақтандырылған. Жаңа құрылғылардың бірі  барлық қалалық ауруханалардың мақтанышына айналар эндовидеохирургия құралы болып табылады. Осының арқасында біздің дәрігерлер сапалы операцияларды жүзеге асыра алады», - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Қайрат Беделманов.

Мереке соңында ауруханаға сый ретінде жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды.

Айта кету керек, аталмыш ауданда Конституция күніне орай тағы 3 медициналық мекеме ашу жоспарланған. Олар Опытное, Ушанова және Алтай ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория.




Яндекс.Метрика