Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

С.Жақыпова: Мүмкіндігі шектеулі жандар қашықтықтан жұмыс істей алады (Брифинг Бейнебаяны)

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуда ғаламтордың көмегі көп болып отыр. Осы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар қашықтықтан жұмыс істей береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 26 Тамыз, 13:51

«Бізде қазіргі таңда қашықтықтан жұмыс істеу туралы халықтың ақпараттану деңгейі жоғары. Жәрмеңкелерге қатысу міндетті емес, бар болғаны ғаламтор арқылы кісі өзіне лайықты жұмысты тауып ала алады. Бұл бүгінгі таңда өте тиімді болып отыр», - дейді С.Жақыпова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бос жұмыс орны жәрмеңкесі барлық республика бойынша тек бекітілген кестеге сай жүргізіледі.

«Бос орындар жәрмеңкесі өткізілетін уақыт пен ол туралы өзге де мәліметтер біздің сайтта жарияланған. Менің ойымша, оның тиімділігі анау айтқандай жоғары емес, өйткені онда қатысушыларда әр түрлі жағдайлар болады. Біріншіден, ондағы бәсекеге қабілеттілік. Мүмкіндігі шектеулі жандардың бәсекеге төтеп бере алулары үшін алдымен білім керек. Сонымен қатар, бізде белгілі бір біліктілік деңгейлеріне ғана сұраныс болады. Яғни мүгедек белгілі бір бос жұмыс орнына өтініш бере алмайды. Өйткені оның біліктілігі жоқ дегендей», - дейді ол.

«Шамамен мүмкіндігі шектеулі жандардың 45%-да мүлде білімдері жоқ. Ал қалған 20 пайызында жұмыс істеуге деген құлшыныс жоқ. Олар мүгедектік жәрдемақымен ғана күн көреді», - дейді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика