Адами капитал

ЖҚЖК-2020 аясында 127 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделді

Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 127 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып бейімделді, деп ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Тамыз , 13:17

«ЖҚЖК-2020 аясында 127 нысан жергілікті бюджет қаржысына бейімделуден өтті», - деді ол.

Министрдің орынбасары атап өткендей, 2 қыркүйек күні ҒӨБ өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар  қатысатын акция аясында мүгедектердің қозғалуына жағдай жасалған нысандарға байланысты тексеру жүргізетін болады.

«Нысандарды бейімдеуде пандустармен шектелуге болмайды. Біз оның аймақтарына да қатысты мәселелерді қарастырамыз, олардың ұзындықтары мен ені, бірінші қабаттардағы көтерілім міндетті түрде орнатылуы қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2014 жылы 22 мың нысанға бейімдеу жұмыстары жасалды. Паспорттауды 54 мың нысанға жасау қарастырылған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика