Білім беру

Н. Әбдібеков: Қарағандыда инклюзивті білім беру колледжін ашу қажет

Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау қажет екендігі туралы айтқан болатын, Қарағанды облысына да бұл үрдістерді енгізу қажет екендігін аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.
Қарағанды26 Тамыз , 13:09

Қарағандыда «Бейімделген мектеп-барлығына ортақ» жобасы жүреге асырылуда. Оның мақсаты – мүмкіндігі  шектеулі оқушыларға кедергісіз орта қалыптастыру. Облыстық 2 мектеп-интернат пен 2 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім беру қызмет етеді.

Қарағандының «Алмагүл» балабақшасы мен Приозерск  қаласының «Айналайын» балабақшаларында мектепке дейінгі мекемелердегі инклюзивті білім беру ресурстық  орталығы жұмыс істейді.

Осы жүйені колледждерге енгізу қажеттігі туып отыр. Осыған орай, әкім қала мен аудан әкімдеріне инклюзивті білім беруді барлық оқу орындарына енгізуді тапсырды. 




Яндекс.Метрика